Колледж бен отбасының білім беру процесіндегі ынтымақтастығы

20.02.2023

2023 жылғы 17 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Білім беру үдерісіндегі колледж және отбасы ынтымақтастығы» тақырыбында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыстың күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:

1. 2022-2023 оқу жылының I семестріндегі студенттердің үлгерімінің қорытындысы.

2. Салауатты өмір салты мен студенттердің құқықтық хабардар болу негіздерін қалыптастырудағы отбасының рөлі.

3. Жастар ортасында қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу.

4. Кәсіптік бағдар беру жұмысы.

Ата-аналар жиналысында Петропавл қ. ПБ учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Ч.С.Бекенов, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің аға уәкілі СҚО ПД ПББ полиция аға лейтенанты З.С.Попова, психикалық денсаулық орталығының психологы И. И.Якимова, директордың ОЖ жөніндегі орынбасары Ю.А.Данилов, ОТЖ жөніндегі директордың орынбасары Ж.В.Бережная сөз сөйледі. Ата-аналар өздерінің балалары туралы қажетті ақпаратты ала алатын оқу топтарының кураторларымен жеке кездесуге мүмкіндік алды. Ата-аналар жиналысы нәтижелі өтті, сонымен қатар ата-аналар белсенді тыңдаушылар мен әңгімелесушілер болды.



Текст
Виртуальная приемная