5 мамыр күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің акт залында Отан қорғаушылар күнін және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің
77-жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны колледж студенттері парламентінің мәдениет және өнер фракциясы Петропавл қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірлесіп дайындады.
Концерттік бағдарлама тек аға буын өкілдеріне ғана емес, жас ұрпаққа да арналды, классикалық және заманауи жанрдағы қойылымдар үйлесімді көрінді. Көрермендердің жас айырмашылығына қарамастан, олар бір жарым сағат бойы бірге болып, бірге мұңайып, қуанып, өнерпаздардың өнерін тамашалады. Соғыс жылдарындағы әндер орындалды, хореографиялық ансамбльдер өздерінің үздік нөмірлерін орындады, «Василий Тёркин» театрландырылған қойылымы осы концерттің лейтмотивіне айналды.
Іс-шараға құрметті қонақтар – саналы ғұмырын жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған педагогикалық еңбек ардагерлері шақырылды.
Колледж директоры Жақыпов Еркін Айдарбекұлы барша қауымды келе жатқан мереке – Жеңіс күнімен және колледждің ерлер бөлігін Батырлар күнімен құттықтап, ардагерлерімізге денсаулық, туғандары мен жақындарының ықыласы мен махаббаты, Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріне табыс, отбасына амандық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тіледі.