2022 жылдың 16 мамырында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын колледждің оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру» пилоттық жобасы аясында «Отбасылық дәстүр – берік отбасының негізі» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Сынып сағатына «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша 25 топтың студенттері қатысты. Іс-шараның мақсаты: «Отбасы», «отбасы құндылықтары», «отбасылық дәстүрлер» ұғымдарын ашу, туған-туыстарына, жақындарына құрметпен қарауды қалыптастыру, өз отбасының тарихына, отбасылық дәстүрге деген қызығушылықты дамыту.
Сынып сағаты «Жақындарыңды сыйла және отбасыңды бағала, отбасы құндылықтарын жоғалтпау үшін отбасылық дәстүрді жалғастыр!» ұранымен өтті.