Бүгін біздің колледждің туған күні!

17.01.2023

Бүгін, 2023 жылғы 16 қаңтарда, өзінің 66-шы туған күнін Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі қарсы алады.

1957 жылы КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Еңбек резервтері бас басқармасының 16 қаңтардағы №20 бұйрығымен өндірістік оқыту шеберлерін даярлау бойынша индустриялық техникум ұйымдастырылды. Қазақстанда осындай бейіндегі бірінші оқу орны болып табылатын техникумның ашылуы ауылдық кәсіптік мектептер үшін мамандар даярлау проблемаларын шешті. Бұл шешім ел тағдыры үшін –Қазақстанда тың жерлерді игеру үшін дәуірлік сипатқа ие болған оқиғадан туындады.

1957 жылы 1 қыркүйекте түсу емтихандарынан кейін оқу орнына «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша 180 адам қабылданды. Топтарда сабақ жүргізу үшін 10 оқытушы қабылданды. 1960 жылдың маусым айында Петропавл индустриалды техникумының алғашқы түлектері шықты. 1967 жылғы маусымда Петропавл индустриалды техникумы Петропавл индустриалды-педагогикалық техникумы болып өзгертілді.

1983 жылдан бастап үкіметаралық келісім негізінде индустриалды-педагогикалық техникумда әлемнің 6 елінен: Вьетнам, Лаос, Моңғолия, Ауғанстан, Кампучия және Палестинадан келген шетелдік студенттер түрлі мамандықтар бойынша оқи бастады. Шетелдік студенттерге арналған арнайы бөлім құрылды. Мамандарды даярлау «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша жүзеге асырылды. 1983 жылдан 1993 жылға дейін шетел азаматтарынан 160 маман шығарылды.

2015 жылы-үздік білім беру мекемесі, колледж INSAM Швейцария Жоғары бизнес және басқару институтының аналитикалық зерттеуінің нәтижелері бойынша Құрмет грамотасымен және "Алтын үкі" мүсінімен марапатталды.

2017 жылы – "Уақыт таңдауы" республикалық агенттігінің және "Президент және халық" республикалық қоғамдық-саяси газетінің нәтижелері бойынша "Жылдың үздік колледжі"жобасының жеңімпазы.

2017 жылы – "Кәсіпқор" холдингі КЕАҚ өткізген колледждер рейтингінің нәтижелері бойынша Солтүстік Қазақстан облысының колледждері арасында 1 орын.

2019 жылы-Қазақстан Республикасының көпсалалы колледждері арасында 3 орын.

2015-2021 жылдары-Қазақстан Республикасындағы Ұлттық бизнес-рейтинг ұйымдастыру комитетінің нәтижелері бойынша "Сала көшбасшысы" атағына ие болды.

Бүгінде директор Еркін Айдарбекұлы Жақыповтың жетекшілігімен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің ұжымы білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды, тәрбиелеп, қоғамның лайықты мүшелерін даярлауда адал еңбек етуде.

Жыл сайын біз жоғары деңгейге көтерілеміз, оқу орнымыздың алдында жаңа белестер тұр. Ардагерлерді, оқытушыларды, колледж қызметкерлері мен студенттерін, түлектеріміз бен әлеуметтік серіктестерімізді табыстар мен жеңістердің кезекті межесімен шын жүректен құттықтаймыз. Біздің колледжге тек республикалық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де даму, өркендеу және ұстанымдарын нығайтуын тілейміз!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!



Текст
Виртуальная приемная