Менің 2022 жылы оқыған ең қызықты кітабым

10.01.2023

2023 жылдың 9 қаңтарында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында бірінші курс студенттерімен бук-слэм өткізілді. Мақсаты: оқуға деген қызығушылықты дамыту, кітап және ақпараттық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шараға қатысушылар екі командаға бөлінді, олардың әрқайсысы қысқа мерзімде оқыған кітабын ең жақсы түрде жарнамалады. Студенттер қатысушыларды ұсынылған кітаптың ерекшеліктерімен таныстырып, оны не үшін оқу керектігін айтты. Бүгінгі оқырманға ақпарат жарқын, қызықты және мүмкіндігінше қысқа болуы керек, сондықтан студенттерге бук-слэм форматындағы іс-шара ұнады және үлкен қызығушылық тудырды.



Текст
Виртуальная приемная