Балаларға деген сүйіспеншілік

01.06.2022

Балаларға деген сүйіспеншілікпен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Бақыт, күн, достық – студенттерге керегі осы!» атты спорттық фестиваль өтті.

Іс-шараның мақсаты – балаларға қамқорлық жасау, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Колледждің спорт залында 1 курс студенттері сайысқа түсті. Көңілді эстафетаға әрқайсысы 10 адамнан төрт команда қатысты. С

Сайыс қорытындысы бойынша 1-орынды 166-топ, екінші орынды 167-топ студенттері және «қола» 196-топ студенттеріне бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тәтті сыйлықтар және жақсы көңіл-күймен марапатталды.

Балалар бақытты болсын!



Текст
Виртуальная приемная