2021 жылғы қазан айының 20-21 күндері колледжде онлайн форматта «Педагогикалық ұжым мен ата-аналардың ынтымақтастығы студенттерді табысты әлеуметтендірудің шарты ретінде» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті, оның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды.
- 2021-2022 оқу жылындағы оқу процесін ұйымдастыру.
- Ата-аналардың бала тәрбиесі мен оларға қауіпсіз жағдай жасау жауапкершілігі. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық статистикасы.
- Отбасылық өмір атмосферасы баланың физикалық және психикалық денсаулығының факторы ретінде.
Кездесуде Петропавл қаласы ПБ ювеналды полиция бөлімінің
учаскелік инспекторы, полиция капитаны Каримов А.Ж. ата-аналармен әңгіме барысында Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасы бойынша түсініктемелер берді, сонымен қатар ата-аналарға балалардың интернетте өткізетін уақытын бақылауға және мұқият болуға шақырды.
Үшінші мәселе бойынша Петропавл қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшысы сөз сөйледі.
Завьялова Е.Н. ата-аналарға балалардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау мен нығайту бойынша кеңестер мен ұсыныстар берді.
Колледж әкімшілігі ата-аналарды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді.