08.02.2023
2023 жылдың 8 ақпанында «Қамқор» волонтерлар клубының мүшелері мен Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттік парламентінің қамқорлық (волонтерлік) фракциясының депутаттары Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментімен бірлесе отырып, Республикалық «Anti-fraund» жедел-профилактикалық іс-шарасына белсене қатысты. Іс-шараның мақсаттары мен міндеттері: ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалған құқық бұзушылықтарға, оның ішінде интернет-алаяқтыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру болып табылады. Шара «Дария» және «Океан» базарларында өтіп, еріктілер мен полиция қызметкерлері азаматтарға интернеттегі алаяқтықтың түрлері туралы түсіндіріп, азаматтарға ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратты.