20.02.2023
2023 жылдың 17 ақпанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ КГП психиатр дәрігері Масабаев Е.С және студенттер арасында «Оқушылар арасындағы қорлау (буллинг) және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты – жоғарыда аталған тақырып бойынша жасөспірімдердің ақпараттану деңгейін арттыру. Маман қорқыту немесе қорлауды қалай тоқтату керектігін, кімге жүгіну керектігін, кибербуллингтен қалай қорғану және оны қалай тоқтатуды түсіндіріп, агрессордың қандай қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына тоқталды.Дәрігер студенттердің сұрақтарына жауап берді.