«Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейдтік іс-шаралар

10.06.2021

2021 жылы 9 маусымда Петропавл қаласының аумағында ОЮП қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» түнгі рейд іс-шарасын өткізді, оған колледждің әлеуметтік оқытушысы Сыздыкова А.С. қатысты.

Мақсаты: кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің сүйемелдеуінсіз 23.00-ден кейін үйден тыс жерден табу фактілерін анықтау, сондай-ақ балалардың қараусыздығы мен үйсіздігінің, балалар еңбегін пайдаланудың алдын алу.

Рейд барысында қоғамдық орындар, көшелер, демалыс және ойын-сауық орталықтары араланды. Бала еңбегін пайдалану фактілері, сондай-ақ оларда кәмелетке толмағандардың болуы фактілері анықталған жоқ. Тексерулер колледж студенттерінің тұрғылықты жері бойынша жүргізілді, олар Петропавл қаласының ҚЮП ПБ тіркелген.

Бұл іс-шара жасөспірімдердің мүдделері үшін, оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, өздері заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізілді.



Текст
Виртуальная приемная