2021 жылдың 16 сәуірінде колледжде Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған «Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың кәсібилігі мен өз ісіне адалдығы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шара студенттердің болашақ мамандықтарына деген қызығушылығы мен құрметін арттыру, отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.
Дөңгелек үстелге өрт сөндіру күзетінің ардагерлері шақырылды: Айтжанов К.М. - ТЖМ ардагері Петропавл мұнай базасының МЕӨҚҚ басшысы, Увалиев С. К. - ТЖМ ардагері, ТЖ департаментінің офицерлері: Құрманова Ж. К. - өрт сөндіру ММ кадр саясаты бөлімінің аға инспекторы, Исмагулов А. И - СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайларды басқару орталығының азаматтық қорғау подполковнигі.
Дөңгелек үстел барысында өрт күзетінің даму тарихы, Чернобыль өрт сөндірушілері, өрт сөндірушілер сынды мәселелер талқыланып, ТЖБ инспекторларының тақырыбы қозғалды. Іс-шара ардагерлер мен болашақ өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жанды қарым-қатынас алаңы болды.