Құқық бұзушылықтар және жастар

07.11.2022

2022 жылғы 7 қарашада Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 3-4 курс студенттерінің учаскелік полиция инспекторларымен бірінші полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция майоры А.И. Калыковамен және ЖПҚ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция кіші лейтенанты

Е.И. Шелемен "Құқық бұзушылықтар және жастар" тақырыбында кездесуі өтті.

Кездесу барысында инспекторлар білім алушыларға ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақатын келтіру сияқты қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы айтып берді. Студенттерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жазалар қолданылатыны туралы түсініктемелер берілді.

Инспекторлар көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға қатаң кеңес берді, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтты. Жастар жасаған құқық бұзушылықтар және оларды жазалау шаралары туралы жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді.

Әңгімелесу білім алушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында маңызды орын алып, өскелең жастарға көп мағлұмат берді.



Текст
Виртуальная приемная