12 сәуір күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде колледж директоры Бегалин Сүйіндік Қазиқанұлын еске алуға арналған футзалдан XIV Республикалық турнирдің ашылуы өтті.
Турнирдің ашылуына Сүйіндік Қазиқанұлының туған-туыстары, достары, әріптестері қатысты. Жарысқа қатысушыларды құттықтау сөзімен қарсы алған:
- Дене шынықтыру, спорт және бастапқы әскери даярлық өңірлік оқу-әдістемелік орталығының басшысы Садуақас Қанат Бақытжанұлы;
- Сүйіндік Қазиқанұлының жұбайы - Нұргүл Әукенқызы;
- Бегалиндер әулетінің досы, қазақ күресі ұлттық спорт түрінен КСРО спорт шебері, Петропавл қаласының Құрметті азаматы - Құлжанов Бауыржан Ниязұлы;
- Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің директоры
Жақыпов Еркін Айдарбекұлы;
- Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің директоры Фурманюк Анатолий Павлович.
Жарыстың бас төрешісі турнирді ашық деп жариялады.
Байқауға 8 колледж қатысады, оның ішінде біздің қонақтар – Қостанай индустриалды-педагогикалық колледжі де бар. Турнир қожайындары алғаш рет
2 команданы таныстыратын болады.
Спортшыларға сәттілік, әсерлі, әділ ойынды тілейміз!
Ал жеңіске мықтылар қол жеткізсін!