Даналық пен өмірдің күзі

30.09.2022

2022 жылдың 29 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінің акт залында Қарттар күнін мерекелеуге арналған «Даналық пен өмір күзі» атты салтанатты шара өтті.

Мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бережная Жанна Валерьевна педагогикалық еңбек ардагерлерін мерекемен шын жүректен құттықтады.

Сондай-ақ, бүкіл саналы ғұмырын СҚКПК қабырғасында қызмет етуге арнаған ардагер Николаенко Михаил Гурьевич те әсерлі сөз сөйледі. Өткен күндерді қуанышпен еске алып, колледждің қазіргі кездегі жетістіктерін атап өтті. Студенттер мен ұстаздар ән мен романс, би билеп, шағын әзіл-сықақ театрландырылған көрініс көрсетті.

Концертте ұсынылған ән-күй, сахналық қойылым рахаттана ән шырқап, өнерпаздарға күлкілері мен қошеметтерін сыйлаған ардагерлердің жүректерін тебірентті.



Текст
Виртуальная приемная