Қауіпті сызықтар және оларды жеңу жолдары

20.11.2020

18 қарашада «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық кампаниясы аясында 1-2 курс студенттерімен «Қауіпті сызықтар және оларды жеңу жолдары» тақырыбында онлайн-кездесу өткізілді.

СҚО ПД аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Байғазина Жанар «бір рет қана көріңіз, ештеңе болмайды» деген азғыруларға қалай берілмеу керектігін айтты.

Студенттерге есірткі құралдарының, психоактивті заттардың, олардың аналогтарының заңсыз айналымы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қылмыстық жауапкершілік туралы ақпарат берілді.

Ол жастарға: Естеріңде болсын! Қатты немесе жеңіл нашақорлық зат жоқ. Есірткіні қолданудың салдары әрқашан қоғамдағы және заңдағы денсаулыққа байланысты проблемалар болып табылады.

Бұл іс-шараның жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру үшін маңызы зор болды.



Текст
Виртуальная приемная