2021 жылғы 20 сәуірде дәрігер-гинеколог М.Бромоттың қатысуымен «Қыздардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында қалаусыз жүктіліктің алдын-алу және ескерту бойынша онлайн форматта іс-шара өткізілді.
Дәрігер-гинекологпен кездесу барысында қыздардағы гигиена, аборттың алдын-алу және оның зардаптары, ерте жыныстық қатынас, отбасылық қатынастар мәселелері талқыланды.
Дәрігер жеке жұмыс тәжірибесінен мысалдар келтірді. Қыздар қызықты және пайдалы ақпарат алды. Әңгіме соңында студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, оған нақты, толық жауаптар алды.
Марина Александровна қыздарды қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтауға, жастармен қарым-қатынаста талғампаз болуға шақырды.
Бұл іс-шара жастарға моральдық және жыныстық тәрбие берді.