2020 жылдың 3 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Тәуелсіз Қазақстанның құндылықтарын ілгерілету жөніндегі іс-шаралар аясында колледжде "Тұңғыш Президент жетістіктері" тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференция барысында спикерлер ҚР Тұңғыш Президенті – Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуындағы рөлін талқылады.
On-lin конференция жұмысына колледж оқытушылары мен студенттері қатысты.
Конференция "Тәуелсіздіктің жеті қыры" циклінің "Сын сағат" деректі фильмін талқылаумен аяқталды.