«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының марапаты

09.12.2022

Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласын насихаттау, сондай-ақ білім беру ұйымдарын әскери-патриоттық іс-шараларға белсенді және нәтижелі қатысқаны үшін көтермелеу мақсатында 2022 жылы 8 желтоқсанда Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының облыстық орталығында акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 31 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. 2022 жылы жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру қорытындысы бойынша және әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарға белсенді қатысу бойынша Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі 1-ші орынды иеленді. Студенттерімізді және «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Жанғазин Жанат Төлегенұлын құттықтаймыз.



Текст
Виртуальная приемная