Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына арналған 2021 жылдың
23 қарашасында «Индустриалды-инновациялық даму» айлығы аясында «Автомобильдерге техникалық қызмет көрсетудің заманауи технологияларын пайдалана отырып, кәсіптік құзыреттіліктерді қалыптастыру» атты шеберлік сыныбы өтті. Шеберлік сыныбы «Жас Маман» жобасы бойынша сатып алынған заманауи құрал-жабдықтар бойынша өтті.
Шеберлік сыныбының мақсаты Солтүстік Қазақстан облысы ТжКБ оқытушыларына заманауи компьютерлік техниканы пайдалана отырып, автомобильдің басқарылатын доңғалақтарының бұрыштарын орнату бойынша практикалық әрекеттер жүйесін көрсету болып табылады.
Шеберлік сыныбының міндеттері: автокөліктерге техникалық қызмет көрсетудің заманауи технологияларын танымал ету; мұғалімдердің кәсіби шеберлік деңгейін көтеру; озық педагогикалық тәжірибені тарату; шеберлік сыныбына қатысушылардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға мотивациясын арттыру.
Шеберлік сыныбына Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері,студенттері,М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, Гуманитарлық-техникалық колледжінің, Бәйкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің, Аққайың ауданының аграрлық колледжінің оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, сонымен қатар «ВиВаГа-Лада» автоорталығының «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығы бойынша әлеуметтік серіктестік өкілі Мясников А.И. қатысты.
Қатысушылардың жалпы саны – 22 адам. Шеберлік сыныбының қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Бұл іс-шара облыстық «МТРК» телеарнасының жаңалықтар лентасында көрсетілді.