Тарихты дәріптеу біздің мақтанышымыз!

15.12.2022

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жоспарды іске асыру, сондай-ақ "Рухани Жаңғыру" жоспарын жүзеге асыру мақсатында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері 2022 жылғы 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайда Солтүстік Қазақстан аумағынан табылған экспонаттардан тұратын экспозицияларды тамашалады. Сондай-ақ, бұл кешенде ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін өлкенің тарихын баяндайтын заттар бар. Көрме залдарының бірінде Қазақстан Республикасының солтүстік аумағының флорасы мен фаунасының экспонаттары ұсынылған. Сонымен қатар, мұражайда әскери тақырыптағы зал, ұлттық киімдер экспозициялары және Тұңғыш Президент Н.Назарбаевқа арналған бөлім бар. Экскурсия барысында студенттер көптеген пайдалы ақпарат алды.



Текст
Виртуальная приемная