«Адам экологиясы» квиз-ойыны

21.12.2022

2022 жылғы 20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1 курс студенттері үшін «Атамекен» экоклубының мүшелері және Студенттік Парламенттің экология және еңбек фракциясының депутаттары «Адам экологиясы» квиз-ойынын өткізді. Мақсаты: білім алушылардың экологиялық ойлау мәдениетін қалыптастыру, планетаның экологиялық проблемалары туралы білімді толықтыру, олардың денсаулықты сақтаумен және адамның күнделікті өмірімен байланысы, экологиялық проблемалардың алдын алудағы маңыздылығын түсіну. Ойынға «Электротехника» және «Автомеханика» екі құрама командасы қатысты. Ойын 3 кезеңде өтті: «Бумерангты іске қосу», «Бумерангты қайтару», «Жанкүйерлер үшін тосын сый». Кезеңдер арасында музыкалық үзілістер болды. Минималды артықшылықпен күресте «Автомеханика» командасы жеңіске жетті. Екі команда да, белсенді жанкүйерлер де сыйлықтарға ие болды. Іс-шара қызықты және танымды өтті.



Текст
Виртуальная приемная