2021 жылы 19 сәуірде №3 емхананың Бастапқы психикалық денсаулық орталығының психологы Л.Б. Лювовицкаяның қатысуымен «Мен «Жоқ!» деп айта аламын» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдерде өз денсаулығына құнды, жауапкершілікпен қарауды, салауатты өмір салтының заңдылықтарын сақтауға дайын болуды, әлеуметтік құнды мінез-құлық нормаларын сіңіруді қалыптастыру, сонымен қатар есірткінің жас адам ағзасына және оның әлеуметтік әл-ауқатына кері әсері туралы түсінік қалыптастыру болды.
Студенттер есірткіні қолданудың алдын-алу шаралары туралы өз ұсыныстарын белсенді және дәлелді түрде білдірді.
Бұл шара нашақорлықтың зияны туралы білімді қалыптастыруға, жасөспірімдерде есірткіге қарсы дүниетанымды тәрбиелеуге бағытталған.