Жақсылық шеңбері

01.02.2022

2022 жылдың 31 қаңтарында Солтүстік-Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің «Қамқор» еріктілер клубы,«Қамқорлық» фракциясының студенттік парламентінің белсенділері және СҚО Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілерімен бірлесіп «Жақсылық шеңбері» акциясын ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты: Жастар арасында мейірімділік, кішіпейділік, төзімділік идеяларын қалыптастыру мен насихаттау, нақты игі істерді жүзеге асыру.
Акция барысында еріктілер аз қамтылған отбасыларға және мүгедек балалары бар отбасыларға қаржылай көмек және киім-кешек жинауды ұйымдастырды.

Іс-шараның бастапқы мұратты жастардың рухани жан дүниесін, мейірімділік пен көмекке мұқтаж адамдарға жауапкершілік сезімін қалыптастыруда маңызы зор болды.



Текст
Виртуальная приемная