Менің өмірімді өзгерткен кітаптар

18.11.2022

2022 жылдың 18 қарашасында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасында ФК-11-22 тобымен "Менің өмірімді өзгерткен кітаптар" тақырыбында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: интеллектуалды, шығармашылық, тұлғалық дамудың негізі ретінде оқуды қолдау; кітап пен оқудың мәртебесін арттыру; студенттерді үнемі оқып қана қоймай, оқыған кітаптарын талдауға, өз пікірлерін сауатты білдіруге үйрету. Студенттер өздері ұнатып оқыған кітаптары бойынша эссе жазды. Байқау соңында үздік жұмыстар грамоталармен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная