Кәмелетке толмаған студенттермен ақпараттық-түсіндірме әңгіме «18 жасқа толмаған жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері»

04.06.2021

2021 жылғы 4 маусымда «Балалар еңбегін қанауға қарсы күрестің 12 күні» Ұлттық ақпараттық науқан аясында «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы» КММ қауіпсіздік және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы Мурзаканова Гульнара Маратқызы кәмелетке толмаған студенттермен еңбек шартын жасасу, 18 жасқа толмаған жұмысшылардың құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әңгіме барысында маман жалақы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтардың сақталуы, нұсқаулық түрлері, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.

Студенттер барлық сұрақтарына жауап алды. Барлық тыңдаушыларға жалдау мен еңбек шартын жасасудың негізгі ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды.

Студенттердің құқықтық санасын қалыптастыруда іс-шараның маңызы зор болды.



Текст
Виртуальная приемная