12 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Облыстық бейнелеу өнері музейінде «Түстердің әртүрлілігі» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Тақырыптық көрменің қатысушылары 1 курс студенттері, болашақ көркем еңбек мұғалімдері және өндірістік оқыту шеберлері болды.
Бұл іс-шарада студенттер «Атамекен» экспозициясын, Солтүстік Қазақстан суретшілерінің суреттер көрмесін тамашалады.
Іс-шара жалпы қазақстандық рухани құндылықтарды, Қазақстан халқының бірлігі мен келісімін нығайтуға, өнер туындыларымен, Қазақстанның көрнекті суретшілерімен, Қазақстанның бейнелеу өнерінің негізін қалаушылармен таныстыруға бағытталған: А.Қастеев, А.Исмаилов, Н.Крутильников, Г.Исмаилова, А.Галымбаева, О.Кужеленко, Е.Бабад, С.Романова, Б.Бапишева және т.б.