Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде 1-2 курс студенттері арасында «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасының басты жетістіктері» тақырыбында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған онлайн-дәрістер өткізілді.
Дәріс барысында тәуелсіздік идеялары және Тұңғыш Президенттің қазақстандық мемлекеттіліктің қалыптасуы қалыптасуы мен дамуындағы, оның жаһандық, халықаралық және ішкі саяси бастамаларын ілгерілетудегі рөлі атап өтілді.
Дәрістің соңғы кезеңінде Қазақстанның күш-жігері мен жетістіктерін талдай отырып, студенттер қорытынды жасады: республика дамудың стратегиялық дұрыс жолын таңдады және қазіргі кезде Қазақстан аймақтық көшбасшы болып саналады және экономикасы бәсекеге қабілетті 30 мемлекеттің қатарынан өзінің лайықты орнын алуға тырысады.