25.04.2022 жылы Солтүстік  Қазақстан кәсіптік –педагогикалық  колледжінде «Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран» тақырыбында 1-2 курс  студенттері арасында әдеби сағат  өткізілді.    
Әдеби  сағаттың мақсаты: Сырбай Мәуленов пен Әзілхан Нұршайықовтың  өмірі мен шығармашылықтарына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларын ұғындыру.
Әдеби сағат  Ұлы  Отан  соғыс  ардагерлері, ақын-жазушылар Сырбай  Мауленов пен Әзілхан  Нұршайықовтың 100 жылдық мерейтойларына арналды. Бірінші бөлімде С.Мауленовтың өмірі мен шығармашылығы  сонымен бірге «Жыр-ғұмыр» бейнебаяны көрсетілді. Студенттер ақынның «Менің  Республикам», «Сар дала сан ғасырдан келе жатқан», «Торғай қақпасы» өлеңдерін  нақышына  келтіріп  оқып берді. Екінші бөлімде Ә.Нұршайықовтың  «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы бойынша бейнебаян  көрсетілді.1-2 курс  студенттері  екі  ақынның  естеліктерінен  үзінді оқыды. 
Әдеби  сағат  соңында студенттер жазушылардың  өмірі мен шығармашылығына арналған викториналық  сұрақтарға  жауап  берді.