2022 жылғы 18 қазанда білім алушы жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері үшін қылмыс жасады деп күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторына экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты-білім алушылардың құқыққа қайшы мінез-құлқының алдын алу және құқықтық сананы қалыптастыру.
Экскурсия кезекші бөлімге барудан басталды, онда барлық қатысушылар кірген кезде белгіленген тәртіпке сәйкес ұялы телефондарын қалдырды. Кезекші студенттерге азаматтарды ӘТҚ-ға орналастырудың негіздерін түсіндіріп, олардың құқықтары мен міндеттері, қамауда ұстау режимі, тәртіптік талаптар туралы айтып берді. Құқық қорғау жүйесінің қызметкері есірткіні заңсыз пайдаланғаны, алаяқтық жасағаны және ұрлық жасағаны үшін түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқанын хабарлады.
Көрнекі мысал үшін студенттерге сотталушымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндік берілді, ол жазасын не үшін өтеп жатқанын айтып, жастарды асығыс әрекет жасамауға, бостандық пен өмірді бағалауға шақырды.
Экскурсия барысында студенттер карцерге, серуендеу аймағына, камераларға барып, сотталғандардың тұрмыс жағдайымен танысты. Экскурсия студенттерге ұмытылмас эмоционалды әсер қалдырды.
Бұл іс-шара құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады.