№ 2 мамандандырылған өрт-сөндіру бөлімінде Ашық есік күні

18.10.2022

2022 жылғы 18 қазанда Қазақстан Республикасы күні мен Құтқарушылар күнін мерекелеу аясында Петропавл қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің "Өрт қауіпсіздігі" мамандығының 1 және 3 курс студенттері қатысты.

Бағдарлама өрт сөндіру бөлімі бойынша экскурсиядан, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың мамандандырылған техникалары мен жабдықтарымен танысудан басталды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар өз мамандықтары туралы айтып, өздерін құтқарушы ретінде сезінуге мүмкіндік берді. Студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Олар достарымен, таныстарымен және ата-аналарымен тәжірибе алмасамыз деген көңіл-күймен тарқады.



Текст
Виртуальная приемная