Тоғызқұмалақтан облыс чемпионаты

20.02.2023

2023 жылғы 17 ақпанда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан жасөспірімдер мен жастар арасында облыс чемпионаты өтті. Жарысқа облыс және Петропавл қаласы аудандарының командалары қатысты. Қатысушылардың жалпы саны 45 адамды құрады. Чемпиондар мен жүлдегерлер тиісті дәрежедегі медальдармен және дипломдармен марапатталды. Жарыс қорытындысы бойынша 2023 жылғы 20-29 наурыз аралығында Тараз қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына қатысу үшін облыстың құрама командасы құрылды. Іс-шараға мектеп бітіруші сынып оқушылары, қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы А.Т.Мейрамова және колледж оқытушылары кәсіби бағдар беру әңгімесін өткізді. Оларға біздің оқу орнымыздың артықшылықтары, оқуға түсу ережелері, еңбек нарығын ескере отырып, мамандықтардың өзектілігі мен қажеттілігі туралы айтылды.



Текст
Виртуальная приемная