АхметБайтұрсынұлы – адамдық пен білімдиқаншысы» тақырыбында «Адалдықсағаты»

08.09.2022

2022 жылдың8 қыркүйегі СолтүстікҚазақстанкәсіптік – педагогикалықколледжінде«Жолқозғалысын ұйымдастыру» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттеріне «АхметБайтұрсынұлы – адамдық пен білімдиқаншысы» тақырыбында «Адалдықсағаты» өткізілді.

Ахмет Байтұрсынұлының педагогикалық қызметінің басты мақсаты –өскелең ұрпақты шыншыл және еңбексүйгіш, Отанына адал, елінің ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруға дайын етіп өсіру және тәрбиелеу болды.

Өз еңбектерінде былай деген: «Жастар халықтың жақсы болашағының үміті. Жас ұрпақ жаңаша оқыған мұғалімнің қолында болуы керек, оларда тың ойлар мен білімдер бар».

Нағыз патриот болу, өз халқына адал және әділ қызмет ету – Ахмет Байтұрсынұлының өмір тарихы осыған үйретеді.

Шын мәнінде, көрнекті ақын және ағартушы ғалым артына үлкен мұра қалдырды, соның арқасында талай ұрпақ тәрбиеленбек.



Текст
Виртуальная приемная