2021 жылы 1 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Алғыс шын жүректен шығады» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шара жас ұрпақ бойында толеранттылық, достық және бір-біріне деген құрмет сезімдерін тәрбиелеуге, сондай-ақ Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен ұлтаралық байланысты нығайтуға бағытталған.
Іс-шараныңқонағы колледж түлегі, облыста және республикада танымал ақын, композитор, суретші - Денисенко Виктор Николаевич болды.
Ол студенттерге өзінің өмірінде орын алған қызықты оқиғалары мен еңбек жолы туралы айтып берді.
Студенттерді Виктор Николаевичтің шығармашылығымен таныстыру іс-шараның басты ерекшелігі болды. Автор оқыған өлеңдер іс-шараға қатысушыларды бей-жай қалдырмады, өйткені олар Отан, достық, сүйіспеншілік туралы еді. Автор өз өлеңдерінде адамдар бір-бірін құрметтеуге және түсінуге, бейбітшілік пен ұлтаралық достықты бағалай білуге, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге үйретеді. Сонымен қатар, өмірге және барлығына риза болуға үйретеді.
Іс-шара соңында колледж студенттері қонаққа, бір-біріне деген ризашылықтарын білдіріп, алғыс белгісі ретінде - қағаз көгершіндерді тарту етті.