27 ақпан мен 2 наурыз аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапхана қызметкерлері Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық және Алғыс білдіру» акциясын өткізді. Аталған іс-шараға оқу залында стенд пен кітап көрмесі ұйымдастырылып, қазақстандық көпұлтты қоғамның толеранттылығы, қазақ жеріне деген ризашылығы, қазақ жерінде тұратын барлық халықтарға деген ризашылығы туралы кітаптар ұсынылды. Акцияның мақсаты - дәл осы күн, басқалар сияқты, жақындарына, достарына, әріптестеріне және айналамыздағы адамдарға көмек, жақсы істер үшін алғыс сөздерін айтуға жарамды екенін еске салу. Аталған акцияға Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тоғызқұмалақ федерациясының президенті Омаров Жомарт Жақсылықұлы, колледж қызметкерлері мен студенттер қатысты. Акцияны өткізу барысында қатысушылар Алғыс айту күнінің пайда болу тарихымен танысты, сондай-ақ түрлі-түсті стикерлерге ризашылық және алғыс білдіру сөздерін жазды.