2021 жылғы 01 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Алғыс айту күніне арналған «Ашық жүрек» акциясы өтті. Колледждің «Қамқор» клубының еріктілері оқытушылар, студенттер, колледж жұмысшыларының оқу ғимаратының кіреберісінде кездесіп, білім ұясына келгендердің барлығына ризашылықтарын білдірді.
Іс-шара барлығына осы мерекенің дүниеге келу тарихын, бір-біріне деген мейірімді, толерантты қатынасты сақтаудың маңыздылығын, алғыс айтуға және ризашылық білдіре білу керектігін еске салды.