Адалдық сағаты

08.12.2022

Жыл сайын 9 желтоқсанда Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні атап өтіледі. Осы күн қарсаңында 2022 жылдың 06 қарашасында «Sanaly urpaq» клубының белсенділері Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне арналған «Адалдық сағаты» тақырыбында кездесу өткізді. Бұл шараның негізгі мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық жаңалықтарды түсіндіру, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда парасаттылық, адалдық, сенім құндылықтарын насихаттау. Кездесу барысында студенттер сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылап, бұл құбылыстың мәнін, оның себептерін ашуға тырысты, бұл өте қатал құбылысты қалай жеңуге болатынын талқылады.



Текст
Виртуальная приемная