Колледждегі театр күні

14.04.2022

2022 жылғы 13 сәуір күні Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің «Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығының студенттері

С.Мұқанов атындағы қазақ-сазды драма театрында «Толық адам» спектаклін тамашалады.

Абайдың іліміне негізделген мазмұны терең, мағынасы зор қойылым көрермендерге терең ой салды. Қазіргі қоғам, уақыт, шындығы керек, адамдар арасындағы мейірбан­дық­тың азайып бара жатқан кезі болып көрінеді. Байлық, ақша билеген заманның қаншалықты қатыгезденіп бара жатқанын бүгінде көкірегінде сәулесі бар әр адам сезінеді. Қойылым жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, білімділікке ұмтылуға шақырды.

Абайды оқу, оның ілімін өзіңнің ішкі жан дүниеңде қорыту, өмірде ұстанымға айналдыру – ел ертеңі болар жастардың басты парызы болмақ.

Бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін дамытуға септігін тигізетін театр күні колледжімізде игі дәстүрге айналған.



Текст
Виртуальная приемная