2020 жылдың 15 қазанында Солтүстік Қазақстан кәсіптік- педагогикалық колледжінде Халықаралық «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне арналған «Адалдық сағаты» тақырыбында «SANALY URPAQ» студенттер клубының отырысы өтті.
Іс-шараның мақсаты: адалдық пен адалдық құндылықтарын нақтылау; сыбайлас жемқорлық мәселесіне қатысты өзінің пікірі мен ұстанымын, сыбайлас жемқорлықпен күресуге негізделген нақты азаматтық ұстанымын қалыптастыру; мемлекет алдындағы жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
Студенттерге ҚР «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңының баптары түсіндіріліп, «адалдық», «адалдық құндылықтары» терминдерінің мағыналары ашылды.
Студенттер қоғамдық мүдделер жеке мүдделерден жоғары болуы керек, әдептілік пен адалдықтың жоқтығы (әсіресе параға сезімталдық), әділетсіз жолмен артықшылыққа жету үшін қызметтік жағдайын пайдалану сыбайлас жемқорлықты тудырады деген түсінікке назар аударды.
Іс-шара қорытындысы бойынша біздің еліміздің әрбір азаматы: «Адалдық - ұлттың рухани өзегі, қоғамның нормасы» формуласының маңыздылығын терең түсінуі керек деген тұжырым жасалды.
Адалдық - әр азаматтың ортақ міндеті.
Іс-шараның жастардың патриоттық сезімі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда маңызды тәрбиелік мәні болды.