2022 жылдың 24 маусымында «Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандығы бойынша 34 топ студенттері «Электромонтаждық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша демонстрациялық емтиханы түрінде мемлекеттік қорытынды аттестаттауды тапсыра бастады.
Тапсырмаға электр жабдығының қуат және жарықтандыру сұлбасын орнату және қатысушы монтаждалған схеманы тексергеннен кейін реттеу жұмыстарын орындау кірді.
Сараптама комиссиясының құрамына жұмыс берушілердің өкілдері кірді:
Фесько В.В.– «СҚЭЖТК» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары;
Целых М.И.- «СҚЭЖТК» АҚ бас инженерінің орынбасары;
Курумбаев С.С.– «СҚЭЖТК» АҚ қалалық электр желілері басқармасының бас инженері
Емтихан барысында студенттер өздерінің кәсіби құзыреттіліктерін сарапшыларға көрсетті.
Демонстрациялық емтихан - тәуелсіз бағалау жүйесінің инновациялық элементі болып табылады, колледж түлектерінің жоғары сапалы дайындығын растау үшін қажет.