30.01.2023
2023 жылғы 26 қаңтарда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Қамқоршылық кеңестің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде колледжді аттестаттау бойынша Өзін-өзі бағалау нәтижелері, оқу орнының Қаржы-шаруашылық қызметі туралы директордың есебі және студенттердің зияткерлік, кәсіптік-шығармашылық және физикалық әлеуеті үшін жағдай жасау қаралды. Кеңес мүшелері есепті қанағаттанарлық деп таныды, студенттердің жан-жақты дамуына ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесу туралы шешім қабылдады, колледж ұжымына оқу орнын аттестаттаудан сәтті өтуін тіледі.