Мен оқыдым және сізге де оқуға кеңес беремін

27.09.2022

2022 жылдың 26 ​​қыркүйегі мен 26 қазаны аралығында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің кітапханасы «Мен оқыдым және сізге де оқуға кеңес беремін» ай сайынғы библио-кросс бастау алады.

Библио-кросс – адамдарды белгілі бір тақырыпта немесе белгілі бір уақытта кітап оқуға тартуға бағытталған акция, ең көп кітап оқыған адам жеңімпаз атанады.

Библио-кросстың мақсаты: қызықты кітаптар арқылы студенттердің қызығушылығын ояту, авторлар мен көркем шығармалардың жан-жақтылығын көрсету, олардың тұлғалық өсуіне ықпал ету, оқу сауаттылығын арттыру.



Текст
Виртуальная приемная