Еңбек күніне орай еңбек әулеттерінің өкілдерімен және «Мамандығы бойынша үздік» байқауларының жеңімпаздарымен кездесу

23.09.2022

2022 жылдың 23 қыркүйегінде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде еңбек әулеттері өкілдерінің және «Мамандығы бойынша үздік» байқауларының жеңімпаздарының қатысуымен кездесу өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысының дамуына, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге, отбасы мен қоғамдағы ұрпақтар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға лайықты үлес қосқан әулеттердің сіңірген еңбегін қоғамда мойындау болды.

Кездесуге бірінші және екінші курс студенттері қатысты. Қызығушылықтың бірігуі, еңбек әулеттері өкілдерінің кәсіптегі сабақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуы, тәжірибе алмасуы студенттердің шынайы қызығушылығын тудырды.



Текст
Виртуальная приемная