АИТВ/ЖИТС туралы білуіңіз керек

18.11.2021

2021 жылдың 15 қарашасында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқаны аясында «АИТВ: барлығын тыңда» тақырыбында оқу топтарында ақпараттық сынып сағаты өткізілді, оның мақсаты студенттердің АИТВ/ЖИТС проблемасы бойынша білім деңгейін арттыру болды.

Оқу топтарының сынып жетекшілері осы тақырып бойынша бейнероликтерді көрсету арқылы қызықты слайд-презентация дайындады.

Ақпаратты алғаннан кейін студенттер белсенді түрде ойланып, аурудың ағымының кезеңін, АИТВ/ЖИТС-тың берілу жолдарын, АИТВ-инфекциясынан қалай қорғануға болатынын талқылады, өмірлік жағдаяттар мысалдарын талдады. Өз денсаулығына және айналасындағылардың денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру үшін іс-шараның маңызы зор болды.



Текст
Виртуальная приемная