Волейбол. «Сұңқар» спартакиадасы

12.04.2023

2023 жылғы 11-12 сәуірде Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде "Сұңқар" облыстық спартакиадасы аясында ТжКБ оқу орындарының қыздары арасында волейболдан жарыс өтті. Біздің колледждің құрама командасы алдын ала ойындарда И.Даутов атындағы Петропавл қаласының қызмет көрсету саласы колледжінің, Б.Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің және Жоғары медициналық колледждің студенттерін жеңді. Финалда біздің қыздар Жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесті. Екі команда да жеңіске жетуге байсалды болды! Спартакиада чемпионы атағын Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенттері жеңіп алды. Колледждің жеңісіне үлес қосқан жанкүйерлерге ерекше рахмет. Команданы және оның тәлімгері А.С Магавинді құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная