«Worldskills Kazakhstan 2021» кәсіби шеберліктің VI чемпионаты

13.12.2021

2021 жылдың 3-5 желтоқсан аралығында Атырау қаласы, APEC Petrotechnic колледжінің базасында «Электр монтаждау жұмыстары» құзыреті бойынша «Worldskills Kazakhstan 2021» VI Республикалық чемпионаты өтті, оған 22 жасқа дейінгі еліміздің 17 өңірінен 17 жас маман осы құзіреттілік бойынша үздік атақтар сынға түсті. Қатысушыларды 20 сарапшы бағалады.

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін осы құзырет бойынша «Электр және электромеханикалық жабдықтар» мамандығының 3 курс студенті Мальков Кирилл тапсырманы сәтті орындап шықты.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатының салтанатты жабылуы өтті, онда чемпионат жеңімпаздары марапатталды. Екінші орын алғаны үшін Мальков Кирилл медальмен және жарыстың дипломымен марапатталды.

Колледждің педагогикалық ұжымы Кирилл Мальковты және оның тәлімгерлері, арнайы пәндер оқытушысы Сергей Михайлович Козяйчевті және өндірістік оқыту шебері Павел Анатольевич Фурманюкті байқаудағы жеңістерімен құттықтайды!



Текст
Виртуальная приемная