Тек жеңіс!

09.06.2022

2022 жылғы 6 маусым мен 8 маусым аралығында «Д.М.Карбышев атындағы №40 орта мектеп» КММ базасында СҚО ТжКБ ұйымдары арасында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры, ұшқыш, авиация генерал-майоры Т.Ж.Бигелдиновтың 100 жылдығына орай әскери спорт көпсайысы бойынша «ҰЛАН» облыстық мамандандырылған спартакиадасы өтті.

Іс-шараның мақсаты: әскер қатарына шақырылатын жастардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін ояту, жастарды «Жас сарбаз» қоғамдық қозғалысына белсенді тарту, Республикалық жарыстарға қатысу үшін мықты командаларды анықтау.

Жарысқа 15 пен 17 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты. СҚ КПК құрама командасын Чищенко Арина, Гессель Диана, Павлова Мария, Лосеев Станислав, Милюкин Эдгар, Юршев Александр және Корольков Данил ұсынды. Спортшылар ОЗК-ны уақытқа кию, АК-74 ММГ бөлшектеу және құрастыру, жүгіру, граната лақтыру, оқ ату, тартылу (ұлдар) және ет бетінен жатып денені көтеруден (қыздар) жарысты. Бағдарламаның жеті түрінен біздің студенттер бесеуінде мықты болды. Нәтижесінде СҚ КПК командасы 1-ші командалық орынды иеленіп, чемпион атағын жеңіп алды!

Жетекшісі Ж.Т.Жанғазин бастаған ұжымды құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная