Баскетболдан. "Сұңқар" спартакиадасы

20.03.2023

2023 жылғы 16-17 наурызда Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің базасында "Сұңқар" облыстық спартакиадасы аясында қыздар арасында баскетболдан жарыстар өтті. Жарыста біздің колледж студенттері сенімді жеңіске жетті. Олар барлық ойындарды жеңіліссіз өткізді! Колледж құрама командасы атынан Осипова Анастасия (466 топ) – команда капитаны, Марат Әсел (361 топ), Симонова Карина (361 топ), Никоненко Вероника (361 топ), Фомичева Светлана (361 топ), Беккер Анжела (366 топ), Сибанбаева Жансая (Фкг-топ), Мурзакова Людмила (ФК-11-22) өнер көрсетті. Команданы және олардың жаттықтырушысы Ж. А. Турмаковты сенімді жеңісімен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная