Кәсіподақтар жарысы

09.01.2023

2023 жылдың 6 қаңтарында Қызылжар ауданының «Болашақ» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде және «Парасат» мектеп-лицейінде колледж кәсіподақтарының құрама командалары арасында облыстық дарынды балаларға арналған Лорд мамандандырылған мектеп-лицейі командасының қатысуымен кәсіподақтардың кешенді спартакиадасы өтті. Спартакиаданың мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау. Жарысқа қатысушылар ұлттық спорт түрлерінен – асық ату және бес асықтан, волейболдан және дартстан жарысты. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің құрама командасы бағдарламаның үш түрінен сенімді жеңіске жетіп, спартакиада чемпионының ауыспалы кубогын жеңіп алды! Педагогтарды жеңістерімен құттықтап, биік шыңдарды бағындыруларына тілектеспіз!



Текст
Виртуальная приемная