«Саналы ұрпақ» ерікті студенттік клубтарының кездесуі

29.10.2021

2021 жылдың 26 қазаны «М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментімен бірлесеп, «SANALY URPAQ» ерікті студенттік клубтарымен онлайн кездесу өткізілді.

Бұл іс-шараның мақсаты – барлық білім беру ұйымдарының ұжымын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес идеяларының төңірегіне біріктіру, сонымен қатар оның нәтижелерін іс жүзінде көрсету, еліміздің барлық жоғары оқу орындары мен колледждерінде жүзеге асырылатын механизмдер мен үлгілерді әзірлеу.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бірінші орынбасары Н.С. Жахин құттықтау сөз сөйледі. «SANALY URPAQ» республикалық жобалық кеңсесінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев білім беру жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тетіктерін енгізу әдістерімен бөлісті. Академиялық мәселелер жөніндегі кеңес мүшесі Р.С.Апергенова «Адалдық жолы» тақырыбында, «Нұр Отан» партиясы «Болашақ» филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.В. Зель «М. Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Саналы ұрпак» жобасын жүзеге асыру туралы» тақырыбында, Алматы қаласының «ISO енгізу агенттігінің» директоры А.В. Бандуро ««Біздің Петропавл қаласындағы жоғары оқу орындары мен колледждердегі сыбайлас жемқорлықты болдырмау туралы шешім қабылдау тәжірибесі» тақырыбында сөз сөйледі.

Кездесуге облыстағы әр колледжде ұйымдастырылған «Саналы ұрпақ» клубтарының белсенділері мен жетекшілері жиналды. Олардың қызметі құқықтық білім мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеруге бағытталған. Колледждің құқық және тәртіп студенттік парламент фракциясының жетекшісі Иванов Борислав «SANALY URPAQ» студенттік клубының жұмысымен таныстырды.

Ұйымшылдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. Сондықтан мұндай іс-шараларды өткізу ерекше маңызды – бұл өскелең ұрпақтың патриотизмі мен мәдени имандылығын қалыптастыруға, сондай-ақ жастардың сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерінен бас тарту атмосферасын құруға мүмкіндік береді. Ал жастар, өздеріңіз білесіздер, елдің болашағы.



Текст
Виртуальная приемная