Жастардың репродуктивті денсаулығы

31.03.2023

2023 жылдың 30 наурызында Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде «Жастардың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында қыздар акушер - гинеколог Д.М.Абдулинамен және жасөспірімдер урологом – андролог Н.Е.Мананбаевпен кездесті. Дәрігер акушер-гинеколог қыздарға ересек өмірдің ықтимал салдары туралы айтып берді, қыздардың қабылдауға жүгінетін негізгі мәселелеріне тоқталды, әйелдер кеңесіндегі ерте бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Тыңдаушылардың назары қарама – қарсы жыныстардың қарым-қатынасындағы адамның негізгі рухани құндылықтарына-құрмет пен махаббатқа аударылды. Жас жігіттерді уролог-андролог дәрігерімен кездесудің мақсаты-жыныстық білім беру және жастарды тәрбиелеу, ер адамның физиологиясы туралы білім алу, олардың денсаулығына және отбасын құруға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру. Жастармен ақпараттық-түсіндіру әңгімесі репродуктивті денсаулықты сақтауды, ерте жыныстық қатынастардың қауіптілігін және жыныстық жолмен берілетін түрлі ауруларды ақпараттандыруға бағытталған. Кез-келген адам сұрақ қойып, дәрігерден білікті кеңес ала алды. Бұл іс-шара жастардың адамгершілік-жыныстық тәрбиесі бойынша маңызды болды.



Текст
Виртуальная приемная